ТШ беру

«АЭҮК» АҚ Күрделі құрылыс бөлімінің
техникалық шарттарды дайындау және
беру секторы тұтынушыларды қабылдайды:

Дүйсенбі 09.00 с. - 13.00 с.
Сейсенбі 09.00 с. - 13.00 с.
Сәрсенбі 09.00 с. - 13.00 с.
Бейсенбі 09.00 с. - 13.00 с.
Жұма қабылдамайтын күн
Сенбі қабылдамайтын күн
Жексенбі қабылдамайтын күн

 

 

 

 

Техникалық жағдайларды алуға үшін қандай құжаттар қажет

1) Жеке тұлғаларға жеке басын кәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтамасының көшірмесі немесе жеке кәсіпкердің куәлігі.

2) Жағдаяттық жоспар.

3) Өтінім берілген, өздігінен немесе сараптау ұйымын қатыстыра отырып орындалған электр қуатының есептеу-негіздемесі.

4) Электрмен жабдықтау объектісінің құқық белгілеу құжаттары.

5) Электр қондырғыларының есептік қуаты 5 мВт және одан артық тұтынушылар өтінімге жобалау қызметімен шұғылдануға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау объектісі жасаған тұтынушының сыртқы электрмен жабдықталу сызбасын қосады. Тұтынушының сыртқы электрмен жабдықталу сызбасы электр жүйелеріне қосылуға жоспарланған энергия беретін және/немесе энергия өндіретін ұйымдармен келісіледі.

 

Документы необходимые для получения технических условий
Документы необходимые для подключения объекта
Порядок подключения к сетям электроснабжения АО «АРЭК»
Журнал действий
Служебная записка
Қосылуға арналған өтініш

Қоса берілген скан-құжаттармен толытырылған өтінімді сіздер «АЭҮК» АҚ Техникалық шарттарды дайындау және беру секторының мамандарына жібере аласыздар:

 Жетекші инженер М.Нургалиева – m.nurgalieva@arek.kz

Инженер А.Казбекова  - a.kazbekova@arek.kz 

 

Электрмен жабдықтауды жақсарту

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жаслан Қасеновпен сұхбат, тел.(87162)257867, e-mail: kokshetau.kaenk@energo.gov.kz

Сұрақ: Электр желісіне қалай қол жеткізуге болады. Егер бұзушылықтар анықталса, қандай жауапкершілік көзделген?

Жауап: Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарт береді. Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптар бұзылса және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақтылы, анық бермейтін болса, басшыларды әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің (Кодекс) 301-1 және 301-2– баптарымен жауапқа тарту көзделген. Мәселен, электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртібі мен мерзімділігіне қойылатын талаптар бұзылса, кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Егер, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және техникалық шартты беруден бас тартса, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады.

  Бұдан басқа, энергиямен жабдықтаушы ұйым энергиямен жабдықтаудың жеке шартын тұтынушымен жасасудан бас тартатын болса, Кодекстің 172–бабы 6-тармағымен жаупкершілікке тарту көзделгенін атап өту қажет.

Қағидалардың 12-тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр энергиясына қосу үшін техникалық шартты мынадай жағдайда береді: энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда; тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артқанда; электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Сұрақ: Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін эдектр энергетика саласында қандай өзгерістер болды ?

Жауап: Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша бизнеске жақсы жағдайлар туғызу мақсатында маңызды реформалар жүргізілгені белгілі. Электр энергетикасы саласындағы бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Мәелен, электрмен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды (14 күннен 5 күнге дейін), энергия беруші ұйымдардың тұтынушының жобалық шешімімен келісу мерзімі қысқартылды (20 күннен 3 күнге дейін), энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарт жасау мерзімі қысқартылды (7 күннен 3 күнге дейін), энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік органнан электр желілеріне қосылуға арналған рұқсат алудың қажеттілігі жойылды. Енді жобалушы ұйым сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстың басталуы туралы мәліметті электрондық түрде хабарласа жеткілікті. Елімізде электр энергиясын пайдалану тәртібі 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 ҚР Энергетика министрлігі бекіткен Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен реттеледі (Қағидалар).

Сұрақ: Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушыларды қандай мерзімде электр қуатына қосады?

     Жауап: Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр қондырғыларын тұрақты түрде пайдалану үшін тұтынушылар анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін өзінің электр желілеріне қосады.

Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде электр кернеуін өндіруді келесі мерзімде жүзеге асырады:

- энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым сыртқы косу мен коммерциялық есеп жүйесін тексерістен өткізгеннен кейін, пайдалануға беру мүмкіндігі туралы қорытындыны ескере отырып, электр қондырғыларын косуға арналған материалдарды тұтынушылар ұсынған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде электр қондырғыларын пайдалануға береді;

- энергия жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға электрмен жабдықтауға араналған шарт жасау туралы хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады;

- энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының электрмен жабдықтауға араналған шартқа қол қойғаннан кейін, электр қондырғыларына электр кернеуін 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.

Тұтынушыға электр энергиясын қосу мен беру тек коммерциялық есеп жүйесі бар болса ғана жүзеге асатын болады.

Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттік орган ҚР электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актілері талаптарының сақталуын жүзеге асырады. Осыған байланысты, егер құқық бұзушылықтар фактісі анықталса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша: Көкшетау қаласы, М. Әуезов көшесі, 230, тел. 8(7162)251316, 257867 жүгінуді ұсынамыз.

Сұхбат бергеніңзге рахмет.